Accessibility links

БАҚ: Ресей 35 америкалық дипломатты елден шығаруы мүмкін


АҚШ-тың Ресейдегі елшілігінің ғимараты. Мәскеу.
АҚШ-тың Ресейдегі елшілігінің ғимараты. Мәскеу.

Егер АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы жаңа санкция салу туралы заң жобасына қол қойса Мәскеу 35 америкалық дипломатты елден шығарады. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрлігіндегі дереккөзіне сілтеме жасаған "Комменрсантъ" басылымы хабарлады.

Министрлік өкілінің айтуынша, Вашингтон Ресейге жаңа санкциялар салса Мәскеу АҚШ елшілігінің ғимараты мен қоймасына арест қояды.

Өткен жылы желтоқсанда АҚШ 35 ресейлік дипломатты "нон-грат тұлға" деп жариялап, Нью-Йорк пен Мэрилендтегі Ресей елшілігінің саяжайын жауып тастаған. Вашингтон Мәскеуде АҚШ-тағы президент сайлауына кедергі келтірді деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG