Accessibility links

Саакашвили: Порошенко мені Украина азаматтығынан айыра алмайды


Михаил Саакашвили.
Михаил Саакашвили.

Грузияның экс-президенті, Одессаның бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили Украина азаматтығынан бас тартпайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Украина президенті Петр Порошенко оны ел азаматтығынан айыра алмайды.

Facebook желісінде жариялаған видеомәлімдемесінде Саакашвили Украинада 13 жылдан бері тұрып жатқанын, үш революцияны көргенін айтты. Саакашвилидің ойынша, Украина билігі "босқын мәртебесін алуға итермелеп отыр".

Экс-губернатор "Украина президенті Порошенко "орыс жобасы әрі бизнесмен-олигарх Бидзина Иванишвилимен байланыс орнатқысы келеді" деп айыптады.

Бүгін Украина президенті Петр Порошенко Михаил Саакашвилиді Украина азаматтығынан айыру туралы бұйрыққа қол қойғаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG