Жүзуден Будапеште (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатында Рио олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуде жартылай финалға шықты.
Ол іріктеу сынында 200 метрді 2:10,18 минутта жүзіп, 10-нәтиже көрсетті. Жартылай финалға барлығы 16 спортшы өтті. Жартылай финал, бүгін 27 шілде Астана уақыты бойынша 21:30-да басталады. Ал финал 28 шілдеде өтеді.
Баландин дәл осы қашықтықта 2016 жылы Рио олимпиадасында алтын алған. Ол олимпиадада 2:07,46 минут нәтиже көрсеткен. Баландин Будапеште өтіп жатқан әлем біріншілігінде 50 метрге брасс әдісімен жүзуде 26-орын, 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 21-орынмен шектелді.