Молдованың Конституциялық соты ел президенті Игорь Додонның референдум өткізу туралы ұсынысын Конституцияға қарсы деген шешім шығарды.
Додон бүкілхалықтың референдумда "президентке парламентті тарату және кезектен тыс сайлау өткізу құқығын беру керек пе?" деген сұраққа дауыс беруді ұсынған.
Бұдан бөлек, Додон референдумда заң шығарушы органдағы депуттатардың санын 101-ден 71-ге қысқарту және оқу орындарында Молдова тарихы пәнін оқыту қажеттілігіне қатысты да сауалдар қоюды ұсынды.
Конституциялық соттың судьясы Тудор Пацыру 27 шілдеде "президенттің бұл ұсынысы оның өкілеттілігіне кірмейді" деп мәлімдеді.