Accessibility links

Ақтөбеде адам қаққан жүргізушіге қатысты шара қолданбаған


Ақтөбедегі тұңғыш президент атындағы саябақ жанындағы көлік апаты болған жер. 8 шілде 2017 жыл.
Ақтөбедегі тұңғыш президент атындағы саябақ жанындағы көлік апаты болған жер. 8 шілде 2017 жыл.

Ақтөбеде тұңғыш президент саябағы маңында жеке көлігімен екі адамды қағып кеткен жүргізушіге қатысты ешқандай бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ деп хабарлады Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз қызметі.

"Көлік жүргізушісінің денсаулығына байланысты әзір ешқандай санкция қолданылған жоқ. Ол қазір Ақтөбедегі жеке емханалардың бірінде емделіп жүр" дейді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Биыл 7 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 21.30 шамасында Ақтөбедегі тұңғыш президент атындағы орталық саябақ маңынан өтетін жолдан шығып кеткен жеңіл автокөлік екі жаяу жүргіншіні қағып, аударылып қалған. Көлік қаққан 19 жастағы қыз оқиға орнында мерт болған. Ауыр жарақат алған жас жігітті жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізген. Жол апатынан аман қалған жаяу жүргінші мен көлік жүргізушісі өткен аптада ауруханадан шықты.

Көлік апатының себебін полиция анықтап жатыр. Полиция жол апатының себебін анықтау үшін тағы бірнеше сараптама тағайындаған.

XS
SM
MD
LG