Жүзуден Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуде финалға өте алмады.
Ол жартылай финалда бұл қашықтықты 2:09,69 минутта жүзіп өтіп, 13-орын алды. Ереже бойынша финалға ең үздік уақыт көрсеткен сегіз спортшы ғана шығады.
Баландин былтыр Рио олимпиадасында 200 метрге брасс әдісімен жүзуде алтын алған. Риода ол бұл қашықтықты 2:07,46 минутта жүзіп өткен. Егер Баландин Будапеште осы нәтижесін көрсеткенде финалға үшінші нәтижемен шығар еді.