Accessibility links

Храм тауындағы қақтығыста жүздеген адам зардап шеккен


Храм тауындағы қақтығыс. 27 шілде 2017 жыл.
Храм тауындағы қақтығыс. 27 шілде 2017 жыл.

Иерусалимде Храм тауында болған қақтығыстан 113 адам жарақаттанған. Полиция Храм тауына өтпек болған мыңдаған адамдарға кедергі келтіру үшін көзден жас шығаратын гранаталар қолданған. Бірнеше жас жігіт Әл-Ақса мешітінің шатырына шығып, Палестина туын іліп кеткен. Кейін полиция бұл туларды алып тастаған.

Бұған дейін Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху шешімімен Иерусалимдегі Храм тауына кіре берісті жауып тастаған. Израильдің бұл шешімі палестиналық мұсылмандардың ашу ызасын тудырған. Араб лигасы елдері Израиль Храм тауын жауып тастап, "отпен ойнап отыр" деп ескерткен.

14 шілдеде Израильдің екі полициясын өлтіріп кеткеннен кейін Иерусалимде қақтығыстар жиілеген. 21 шілдеде болған қарсылық шарасында Иерусалим тұрғындар үш палестиналықты өлтірген.

XS
SM
MD
LG