Accessibility links

Талғар маңындағы ауылда бірнеше үй өртенген


Өрттен кейінгі көріністер. Тұздыбастау ауылы, Алматы облысы. 28 шілде, 2017 жыл.
Өрттен кейінгі көріністер. Тұздыбастау ауылы, Алматы облысы. 28 шілде, 2017 жыл.

Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында 27 шілде түнде бірнеше үй жанып кеткен. Төтенше жағдай комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, камыс пен сабаннан салынған екі үй және уақытша салынған баспана өртенген. Өрттен үйлердегі жеке заттары, жиһаз цехінің шатыры мен автомобиль жанған.

Тұздыбастау ауылындағы өрт туралы хабар 27 шілде кешкі сағат онда түскен. Өртты сөндіруге 1 сағат 16 минут кеткен. Өртті сөндіруге бес техника, жиырмадан астам өрт сөндіруші жұмылдырылған.

Өртке байланысты 27 шілде кешкісін Алматы мен Алматы облысының шығыс аудандарын байланыстыратын Талғар трассасы уақытша жабылған.

Қазір Алматы облысы төтенше жағдай департаменті өрттің шығу себептерін тексеріп жатыр.

XS
SM
MD
LG