Accessibility links

Иран ғарыштық ракета тасығышты сынақтан өткізді


Ирандық Simorgh ракеталары.
Ирандық Simorgh ракеталары.

Иран ғарыштық зымыран тасығышын сынақтан сәтті өткізгенін мәлімдеді. Мемлекеттік телеарнаның хабарлауынша, сынақтан өткен "Симорг" (Simorgh) зымыраны 250 килограмдық спутникті 500 километрлік орбитаға жеткізе алады.Бұл сынақтан кейін Вашингтон Тегеранды БҰҰ резолюциясын бұзды деп айыптайды.

22 шілдеде Иран "Сайяд-3" ракеталарын шығаратын жаңа орталықтың ашылғанын хабарған. "Сайяд-3" ұшақтарды, қанатты зымырандарды, дрондар мен тікұшақтарды құлата алады.

Иран баллистикалық зымырандарын сынақтан өткізген соң АҚШ Иранға қатысты жаңа экономикалық санкция дайындап жатыр.

XS
SM
MD
LG