Accessibility links

Небензя Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі болып тағайындалды


Василий Небензя.

Ресей президенті Владимир Путиннің шешімімен Василий Небензя елдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі боылп сайланды. Путин шешімге 27 шілдеде қол қойған.

Небензя бұған дейін Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары болып жұмыс істеген. Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі болған Виталий Чуркин ақпанда қайтыс болған. Чуркиннің орнына Петр Ильичев бірнеше ай тұрақты өкіл міндетін атқарған.

Чуркин Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкіл қызметіне 2006 жылы тағайындалған. Оны бұл қызметке 2004 жылдан бері Ресей сыртқы істер министрі қызметін атқарып келе жатқан Сергей Лавров ұсынған. Лавровтың өзі министрлік қызметке тағайындалғанға дейін Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG