Accessibility links

Ресей АҚШ дипломаттарына қатысты санкция салды


АҚШ елшілігінің Мәскеудегі саяжайы.
АҚШ елшілігінің Мәскеудегі саяжайы.

Ресей билігі АҚШ дипломаттарына Мәскеудегі қойма мен Серебряный бор саяжайын пайдалануға шектеу қойды. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінің сайтында хабарланды.

Кремль Ақ үйден 1 қыркүйекке дейін Ресейдегі дипломаттарының санын қысқартуды талап етті. Қазір Ресейде 455 америкалық дипломат жұмыс істеп жүр. Хабарламада Ресей АҚШ дипломаттарына қатысты санкцияны кеңейтуі мүмкін екені жазылған.

Өткен жылы желтоқсанда АҚШ 35 ресейлік дипломатты "нон-грат тұлға" деп жариялап, Нью-Йорк пен Мэрилендтегі Ресей елшілігінің саяжайын жауып тастаған. Вашингтон Мәскеуде АҚШ-тағы президент сайлауына кедергі келтірді деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG