Accessibility links

Өмір бойы түрмеге камалған тәжік генералы аштық жариялап жатыр


Гаффор Мирзоев.
Гаффор Мирзоев.

Өмір бойы түрме жазасына кесілген Тәжікстанның президенттік гвардия қолбасшысы болған Гаффор Мирзоев 22 шілдеден бері аштық жариялап жатыр. Бұл туралы оның үлкен апайы Оиша Мирзоева хабарлады.

Бір адамдық камерада отырған Гаффор Мирзоев Тәжікстан билігінен бірнеше рет өзіне қатысты қылмыстық істе қайта қарауды сұраған. Оиша Мирзоеваның айтуынша, оның жазған хаттары президент әкімшілігіне жетпей жатыр.

«Седой» деген лақап атпен танымал Гаффор Мирзоев 1992-97 жылдары елдегі ең беделді әскерилердің бірі болған. Оған билікті заңсыз басып алмақшы болған деген айып тағылған. Мирзоев өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.

XS
SM
MD
LG