Accessibility links

Ресей: ЛГБТ өкілдерін қорғау акциясын өткізген белсендіге айыппұл салынды


Прокуратура алдындағы акция. Мәскеу. 11 мамыр 2017 жыл.
Прокуратура алдындағы акция. Мәскеу. 11 мамыр 2017 жыл.

Мәскеудегі Тверск аудандық соты "Ашық Ресей" қозғалысының мүшесі Валентина Дехтяренкоға 10 мың рубль айыппұл салды. "Дождь" арнасының хабарлауынша, сот оған "рұқсат етілмеген акция ұйымдастырды" деген айып таққан.

Дехтяренко 11 мамырда бас прокуратура алдында Шешенстандағы ЛГБТ өкілдерін қорғау акциясын өткізген. Ол прокуратураға Шешенстандағы гейлердің құқығын қорғауға шақырған хат тапсырмақ болған. Дехтяренко бастаған ЛГБТ құқығын қорғап жүрген белсенділер прокуратурадан гомосексуалдардың өлімін тергеуді де талап еткен.

Сәуірде "Новая газета" Шешенстанда ЛГБТ өкілдерін ұстап, оларды қинау фактілері туралы жазған. БҰҰ, АҚШ және Еуроодақ Ресейден Шешенстандағы бұл оқиғаны толық тексеруді талап еткен.

XS
SM
MD
LG