Accessibility links

ШҚО-да 500 гектар жер өртеніп жатқаны хабарланды


Шығыс Қазақстан облысы.
Шығыс Қазақстан облысы.

Шығыс Қазақстан облысында 500 гектар жер үш күннен бері жанып жатыр. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Департаменттің мәлімдеуінше, "отты дұрыс пайдаланбау және облыс аумағындағы күннің ыстықтығы өрттің шығуына себеп болған. Қазір Ұлан, Жарма, Аягөз және Күршім ауданындағы сегіз аумақ жанып жатыр. Елді-мекендерге қауіп жоқ"

Өртті сөндіруге 10 техника, 60 маман, жергілікті басқару органдарының жұмысшылары мен елді-мекен тұрғындары жұмылдырылған. Департамент өртті толық ауыздықтауға күш пен техника жетпей жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG