Accessibility links

Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды


Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыраны. (Көрнекі сурет.)
Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыраны. (Көрнекі сурет.)

АҚШ пен Оңтүстік Кореяның жоғары лауазымды әскери өкілдері Пхеньянның кезекті рет зымыран ұшыруына ықтимал жауап шараларын талқылаған.

Бұған дейін жұма күні АҚШ қорғаныс министрлігі Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран ұшырғаны тіркелгені туралы хабарлаған.

Пхеньян ұшырған зымыран Жапонияның теңіздегі экономикалық аймағына құлаған болуы ықтимал деп мәлімдеді жапон премьер-министрі Синдзо Абэ. Ол ұлттық қауіпсіздік кеңесі шұғыл отырысын өткізіп, Жапония азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың барлығы қабылданатыны туралы айтқан.

АҚШ пен Оңтүстік Кореяның жоғары лауазымды әскери өкілдері Пхеньянның бұл әрекетіне ықтимал жауап шараларын талқылаған.

Жапон үкіметінің бас хатшысы Йосихиде Суга Солтүстік Корея БҰҰ қарарын ашық түрде өрескел бұзды деп мәлімдеді.

Шілденің басында АҚШ БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне бұған дейінгі зымыран сынақтары үшін Пхеньянға қарсы санкцияларды күшейту туралы қарар жобасын ұсынған.

XS
SM
MD
LG