Accessibility links

Гамбургтегі шабуылға күдікті БАӘ тумасы екені хабарланды


Шабуыл болған жерде тұрған полиция қызметкерлері. Гамбург, Германия, 28 шілде 2017 жыл.
Шабуыл болған жерде тұрған полиция қызметкерлері. Гамбург, Германия, 28 шілде 2017 жыл.

Германияның Гамбург қаласында бір адам қаза тауып, алты адам жараланған шабуылға күдікті ретінде ұсталған 26 жастағы жігіт Біріккен Араб әмірліктерінің тумасы екені анықталған. Полицияның хабарлауынша, әлгі адамның қазір қай елдің азаматы екені анықталып жатыр.

Германия полициясы әзірше күдіктінің аты-жөнін атаған жоқ.

Жұма күні Гамбургтегі сауда орталығында пышақпен қаруланған ер адам жасаған шабуыл салдарынан 50 жастағы германиялық азамат мерт болып, алты адам зардап шеккен, олардың кейбірі ауыр жараланған болатын. Полиция шабуылға күдіктіні ұстаған. Қылмыстың себептері анықталып жатыр.

XS
SM
MD
LG