Accessibility links

Байқоңырдан "Союз МС-05" ғарыш кемесі ұшырылды


"Союз МС-05" ғарыш кемесін тіркеген "Союз-ФГ" зымыранын ұшу алаңына апара жатыр. Байқоңыр, 26 шілде 2017 жыл.

Шілденің 28-і күні Астана уақытымен сағат 21:41 кезінде Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік "Союз МС-05" ғарыш кемесін тіркеген "Союз-ФГ" зымыраны ұшырылды.

Алты сағаттан кейін халықаралық ғарыш станциясымен түйіскен ғарыш кемесінде экипаж мүшелері - ресейлік ғарышкер Сергей Рязанский, америкалық астронавт Рэндолф Брезники және италиялық Паоло Несполи бар.

Олар ғарышта 139 тәулік болады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG