Accessibility links

Алматыдан 205 километр қашықтықта жер сілкінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 11:33 кезінде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 205 километр қашықтықта жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, 15 километр тереңдіктегі жер қабатында болған деп хабарланды. Жер сілкінісінің магнитудасы – 4.4, энергетикалық класы – 10.2.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

XS
SM
MD
LG