Accessibility links

Путин "мемлекетке опасыздығы" үшін сотталған екі әйелге рақымшылық жасады


Грузиядан қайтып келе жатқан ресейлік әскерилер. Рухи, 22 тамыз 2008 жыл.
Грузиядан қайтып келе жатқан ресейлік әскерилер. Рухи, 22 тамыз 2008 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин "мемлекетке опасыздық жасаған" деген айыппен сотталып, түрмеде отырған сочилік екі әйелге рақымшылық жариялады. Президент қол қойған жарлық он күннен кейін күшіне енеді.

2008 жылы Марина Джангава мен Анник Кесян Грузияда тұратын таныстарына ресейлік әскери техниканың Абхазияға бет алғаны туралы хабарлама жіберген. 2013 жылы сот үкімі бойынша Джангава 12 жылға бас бостандығынан айырылған, 2015 жылы Кесянға сот 8 жыл түрме жазасын кескен.

2017 жылғы сәуірде Путин әлгіндей айыппен сотталған Сочи қаласының тағы бір тұрғыны Оксана Севастидиге рақымшылық жариялап, түрмеден босатқан. Ол да 2008 жылы Абхазия жаққа кетіп бара жатқан ресейлік әскери техника туралы Грузияда тұратын танысына хабарлама жолдағаны үшін "мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша жеті жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

XS
SM
MD
LG