Accessibility links

Наваз Шариф биліктегі мұрагері ретінде інісі Шахбазды атады


Наваз Шариф.

Пәкістан премьер-министрі қызметінен отставкаға кеткен Наваз Шариф үкімет жетекшісі міндетін уақытша атқаруды мұнай және табиғи ресурстар министрі Шахид Хакан Аббасиді жүктеді.

Ал өзінің биліктегі мұрагері ретінде Наваз Шариф кенже інісі Шахбаз Шарифті атаған. Бірақ ол билік басына келуі үшін әуелі Пенджаб провинциясының бас министрі қызметінен бас тартып, сосын үкімет басшылығынан отставкаға кеткен ағасының Ұлттық ассамблеядағы (парламенттің төменгі палатасы) босаған орнына депутат болып сайлануы қажет болмақ.

Наваз Шариф үкімет жетекшілігінен отставкаға кететіні туралы шілденің 28-і күні, Жоғарғы сот премьер-министрді қызметтен шеттету және оның өзі мен отбасы мүшелерінің үстінен коррупцияға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдаған соң іле-шала мәлімдеген.

2016 жылғы сәуірде атышулы панамалық Mossack Fonseca заң фирмасының жария болған құпия құжаттарынан Пәкістан премьерінің екі ұлы мен қызы бірнеше офшорлық компанияларға иелік ететіні туралы деректер мәлім болған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG