Accessibility links

Стамбулда әйелдерді киіміне бола кемсітуге наразылық шеруі өтті


Стамбулдағы наразылық шеруіне қатысушылар. 29 шілде 2017 жыл.
Стамбулдағы наразылық шеруіне қатысушылар. 29 шілде 2017 жыл.

Түркияның Стамбул қаласында әйелдерге киімге қатысты шектеу қоюға қарсы сенбіде өткен "Менің киіміме тиіспеңдер!" атты шеруге жүздеген әйел қатысты деп хабарлайды Reuters. Олар әйелдерге "тұрпайы емес" дәстүрлі киім кию туралы талап қойып, қысым көрсетуге наразылықтарын білдіріп, қолдарына киім ілгіш пен шолақ шалбар ұстап шыққан.

"Қарсылық арқылы жеңіске жетеміз" деген ұранмен өткен акцияға бұған дейін Стамбул билігінен шеру өткізуге рұқсат ала алмаған ЛГБТ қауымдастығы мен трансгендерлер өкілдері де қосылған.

Наразылыққа шыққандар соңғы кезде Түркияда сырт киіміне бола әйелдерге қысым көрсету оқиғалары жиілегенін айтқан. Мәселен, биыл мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында шолақ шалбар киген жас қызды автобуста ер адам киімі үшін сөгіп, қол жұмсаған.

XS
SM
MD
LG