Accessibility links

Путин: Ресейдегі АҚШ дипломаттарының саны қысқарады


Владимир Путин, Ресей президенті.
Владимир Путин, Ресей президенті.

Ресей президенті Владимир Путин Ресейдегі америкалық дипломатиялық миссия қызметкерлерінің саны 755-ке дейін қысқаратынын мәлімдеді. Путин тележүргізуші Владимир Соловьевке берген сұхбатында қысқартудың дипломаттарға да, техникалық қызметкерлерге де қатысы барын айтты. Миссия штатындағы қызметкерлер саны Ресейдің АҚШ-тағы дипломатиялық миссиясы штатының санымен тең - 455 адам болмақ. Путиннің сөзінше, АҚШ конгресінің Ресейге қарсы санкцияларды қатаңдатқанына жауап ретінде сыртқы істер министрлігінің мұндай шешім қабылдауына өзі рұқсат берген.

Путин әзірге әзірге АҚШ-қа қарсы қосымша шектеу шараларын енгізуді қажет деп білмейтінін, себебі мұның "жалпы халықаралық қатынастардың дамуына кері әсер етуі мүмкін екенін" айтты.

Путин екі жақты қарым-қатынастар әзір оңала қоймайтынын, бірақ халықаралық деңгейде терроризм және жаппай қырып-жоятын қару-жарақтардың таралуымен күрес сияқты салалардағы ынтымақтастықты жалғастыра беру қажеттігін айтты. Ресей президенті Мәскеу мен Вашингтонның Сирия қақтығысын реттеудегі өзара іс-қимылының оң нәтижелері барын да білдірді.

XS
SM
MD
LG