Accessibility links

Грузияда бірнеше ел әскерилерінің ауқымды жаттығуы өтіп жатыр


Әскери жаттығу кезіндегі грузин сарбазы (Көрнекі сурет).

Грузия, АҚШ пен тағы алты елдің 2800-ге тарта әскери қызметкерлері Грузияда бірлескен ауқымды әскери жаттығу өткізіп жатыр.

Грузия премьер-министрі Георгий Квирикашвили мен өзге де елдердің басшылары 30 шілдеде әскери жаттығуды Грузияның болашақта НАТО құрамына кіру мақсатын іске асырудағы маңызды қадам деп білетінін мәлімдеді. "Бұл жаттығулар Грузияның НАТО стандаттарына жақындай түсуіне және тұтас аймақтағы тұрақтылықты нығайтуға көмектеседі" деді Квирикашвили Тбилиси маңындағы Вазиани базасында өткен әскери жаттығудың ашылу салтанатында.

НАТО басшылары 2008 жылы Бухаресте өткен саммитте Грузия "НАТО құрамына кіреді" деп мәлімдеген болатын. Бірақ альянс басшылары Мәскеу Тбилисидің НАТО-ға қосылуына қарсы болғандықтан бұл мақсатта сақ қимылдай бастаған. "Игі әріптес" деп аталатын, екі апта өтетін жаттығуға 1600 америкалық, 800 грузиялық сарбаз қатысып жатыр. Жаттығуға Ұлыбритания, Германия, Түркия, Украина, Словения және Армения сарбаздары да қатысып жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG