Accessibility links

Қазақстан бүкіләлемдік ойындарда үш медаль алды


Бүкіләлемдік ойындардан көрініс (Сурет жарыстың ресми сайтынан алынды).
Бүкіләлемдік ойындардан көрініс (Сурет жарыстың ресми сайтынан алынды).

Вроцлавта (Польша) Бүкіләлемдік ойындар (The World Games) аяқталды. Бұл жарыста олимпиада бағдарламасына енбейтін спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынды.

Қазақстан құрамасы бір алтын, екі қоламен жалпы есепте 36-орын алды. 19 жастағы Еламан Саясатов муайтайдан 54 килограмм салмақта Бүкіләлемдік ойындардың чемпионы атанды. Ол жартылай финалда ресейлік Асланбек Зикреевті, финалда испаниялық Кевин Мартинесті жеңді.

Пауэрлифтингтен Нұрлан Есмаханов пен муайтайдан Алмаз Сәрсембеков қола медаль иеленді.

Қазақстан 2013 жылы Калиде (Колумбия) өткен бүкіләлемдік ойындарға екі спортшы апарып, жүлдесіз қайтқан.

Келесі Бүкіләлемдік ойындары 2021 жылы Бирмингемде (Ұлыбритания) өтеді.

XS
SM
MD
LG