Accessibility links

СІМ: Ұсталған қазақстандық студент туралы ақпарат тексеріледі


Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі жергілікті БАҚ Қытаймен шекарада ұсталды деп хабарлаған қазақстандық студент Аққу Еренбекке қатысты оның туыстары мен таныстарынан ақпарат түскен жағдайда оны "егжей-тегжейлі тексеруге дайын екенін мәлімдеді.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақовтың сөзінше, министрлік ұсталған студент туралы ақпаратты тексеруге кіріскен, бірақ оның төлқұжат деректері қажет. "Кейбір ақпараттарда келтірілген туыстары, таныстары мен жақындарының ешқайсысы Қазақстан сыртқы істер министрлігіне көмек сұрап жүгінген жоқ. Егер ондай ақпарат түссе немесе бізге қыздың Қазақстан азаматы екенін растайтын төлқұжат мәліметтерін берсе онда барынша тексеріп, тиісті ақпаратты сұратамыз" деген Жайнақов ҚазАқпаратқа.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 19 жастағы студенті Аққу Еренбек 28 шілдеде Қытаймен шекарада ұсталған. Оның телефонынан "экстремизм белгілері бар мәтіндер" табылған. Мәтіндер арасында Қытай түрмесінде түрлі айыптармен, оның ішінде ұлт-азаттық көтеріліске қатысы бар және тыңшылықпен айналысты деп айыпталған диссидент жазушы Қажығұмар Шабданұлының "Қылмыс" романының үзінділері де болғаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG