Accessibility links

Кабулда Ирак елшілігі алдында жарылыс пен атыс болғаны хабарланды


Кабулдегі жарылыс болған маңда жүрген қауіпсіздік күштерінің сарбаздары. 31 шілде 2017 жыл.
Кабулдегі жарылыс болған маңда жүрген қауіпсіздік күштерінің сарбаздары. 31 шілде 2017 жыл.

Кабулдан таралған ақпарат бойынша, қаладағы Ирак елшілігі алдында жарылыс болып, қауіпсіздік күштері қарулы топпен атысып жатыр. Арнайы қызметтегі дерек көздері 31 шілдеде болған шабуылды көлікпен келген жанкешті терроршы жасауы мүмкін дейді. Аты-жөнін атамаған полиция өкілі елшілік алдында көлікке жасырылған бомба жарылып, соңын ала қарулы адамдар елшілікке басып кірмек болғанын айтады. Шабуылдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет әзірге түскен жоқ.

Кабулда жыл басынан бері ондаған адам қаза тапқан бірнеше жарылыс болды. Олардың көпшілігінің жауапкершілігін "Талибан" қозғалысы мен "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG