Accessibility links

Пенс Вашингтон Балтық бойы елдерін қолдайтынын мәлімдеді


АҚШ вице-президенті Майк Пенс (оң жақта) Балтық бойы елдерінің басшыларымен бірге. Солдан оңға қарай: Латвия президенті Раймондос Вейонис, Литва президенті Даля Грибаускайте және Эстония президенті Керсти Кальюлайд. Таллин, 31 шілде 2017 жыл.

АҚШ вице-президенті Майк Пенс Эстония, Латвия және Литва басшыларымен кездесуінде Вашингтонның Балтық бойы елдерін қолдайтынын нақтылай түсті. 31 шілдеде Эстонияда сөйлеген Пенс Мәскеу Ресейдегі АҚШ дипломатиялық миссиясы қызметкерлерінің санын күрт қысқартуды талап еткеніне қарамастан АҚШ-тың өз мақсатынан бас тартпайтынын айтты. "Біз Эстония, Латвия және Литва елдерімен біргеміз және қашан да бірге боламыз" деді Пенс Таллинде. Мұнда ол Эстония президенті Керсти Кальюлайдпен, Латвия президенті Раймондос Вейониспен және Литва президенті Даля Грибаускайтемен кездесті.

Майк Пенс АҚШ-тың "Балтық елдеріне күш қолдану, қорқытып, үркіту немесе қауіпті түрде ықпал етудің кез-келген әрекетін қабылдамайтынын" айтты. "Мәскеудің таяуда ғана қабылдаған дипломатиялық шаралары АҚШ-ты өз қауіпсіздігіне, одақтастары мен әлемдегі еркіндік сүйгіш елдердің қауіпсіздігін қорғау ниетінен айныта алмайды" деді Пенс.

СССР кезінде Мәскеу қол астында болған Балтық бойындағы үш ел қазір НАТО құрамында. Пенс Талиннен бүгін Грузияға, сосын таяуда ғана НАТО-ға қосылған Черногорияға барады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG