Ташкент қалалық ішкі істер басқармасы 42 жастағы танымал журналист әрі футбол комментаторы Хайрулла Хамидовқа қатысты жаңа қылмыстық іс қозғады.
Азаттықтың Өзбек редакциясының дереккөзіне қарағанда, Хайрулла Хамидовқа қарсы қылмыстық кодекстің 216-бабы ("Заңсыз қоғамдық немесе діни бірлестік құру") бойынша іс қозғалған.
"Хамидовке қатысты бұл жолғы іс ауыр емес. Өйткені оның қазір тергеліп жатқан қылмыстық топқа қатысы жоқ. Ол тек топ мүшелерімен бірнеше рет саунаға барған. Бірақ билікке қарсы артық ештеңе айтпаған" дейді тергеу қызметінің өкілі.
Алайда Хайрулла Хамидовтың жақын танысының сөзінше, оны шілде айының ортасында тергеуге шақырған. Ташкент қалалық ішкі істер басқармасының өкілдері журналисті түрмеге отырғызбайтынын, тек айыппұл салатынын айтқан.
Хайрулла Хамидов Өзбекстанда радио арқылы діни хабар жүргізген. 2010 жылдың 27 мамырында Ташкент облыстық соты журналисті "Жихадшылар" ("Жиҳодчилар") тобына қатысы бар деп алты жылға соттаған. 2015 жылдың 11 ақпанында амнистияға ілініп, бостандыққа шыққан.