Accessibility links

БАҚ: Трамп ұлын Весельницкаямен кездесуі туралы мәлімдеуге мәжбүрледі


АҚШ президенті Дональд Трамп оның ұлы кіші Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп оның ұлы кіші Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп ұлы кіші Дональд Трампқа былтыр ресейлік адвокат Наталья Весельницкаямен кездесуінде президент сайлауы кампаниясы емес, америкалықтардың Ресейден жетім балаларды асырап алуы мәселесі талқыланғаны туралы мәлімдеуге мәжбүрлеген деп хабарлады 31 шілдеде The Washington Post газеті.

Аты-жөнін жарияламаған дереккөздеріне сілтеме жасаған басылым президент Трамптың өз ұлына өткен айда алғаш рет белгілі болған ресейлік адвокатпен кездесуі туралы ақпаратқа қатысты БАҚ-қа арналған мәлімдемесін қалай жазуға өзі әмір бергенін жазды.

Кіші Дональд Трамп өткен айда адвокат Весельницкаямен және басқа да бірнеше ресейлікпен кездесуге келісім бергені туралы электрондық хаттарын жариялаған. Весельницкая оған Демократиялық партиядан президенттікке кандидат Хиллари Клинтонға қарсы компромат бермек болған делінеді. Ол кездесуге сонымен қатар Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнер және сайлауалды штабын басқарған Пол Манафорт та қатысқан.

Бұл кездесу Конгресс мен прокуратураның Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына ықтимал килігу әрекетін тексеруі кезінде ерекше назарға алынған.

Трамптың адвокаты Джей Секулоу The Washington Post басылымындағы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жариялады. Онда басылымдағы мәліметтер "орынсыз дезинформация" деп аталған.

XS
SM
MD
LG