Accessibility links

Қытай шетелдегі алғашқы әскери базасын ашты


Әскери кеме (Көрнекі сурет).
Әскери кеме (Көрнекі сурет).

Қытай шетелдегі алғашқы әскери базасын ашты. База Африканың солтүстік-шығысындағы Джибути мемлекетінде орналасқан.

Пекин әскери база ашылатыны туралы 2016 жылдың ақпанында хабарлаған. Ол кезде Қытай сыртқы істер министрлігі база Йемен мен Сомали жағалауларында теңіз қарақшыларына қарсы және гуманитарлық миссияға жәрдемдесетін қытайлық әскери кемелерді жарақтандыруға пайдаланылатынын мәлімдеген.

Джибутиде Қытай әскери базасынан бөлек АҚШ, Жапония мен Францияның әскери базалары бар. Reuters агенттігі дипломатиялық орталарда Қытайдың болашақта осындай базаларды басқа да елдерде, атап айтқанда Пәкістанда салу жоспары талқыланып жатқанын хабарлады. Пекин мұндай мәліметтерді түбегейлі жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG