Accessibility links

Тиллерсон апта соңында Лавровпен кездеседі


Рекс Тиллерсон, АҚШ мемлекеттік хатшысы.
Рекс Тиллерсон, АҚШ мемлекеттік хатшысы.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның хабарлауынша, 5-6 тамызда ол Манилада Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездеседі. Бұл туралы Тиллерсон 1 тамызда хабарлады. Ол Вашингтонның Ресеймен қарым-қатынасы "күрделене түскенін", дегенмен, Вашингтон Сирияда бейбіт келіссөзге жағдай жасау үшін Ресеймен және басқаларымен жұмыс істеп отырғанын айтты.

Тиллерсонның сөзінше, Вашингтон Сирия президенті Башар әл-Асадтың болашағы бұлыңғыр деп есептейді. Бұған қоса, Ақ үй Сириядағы көтерілісшілерге қарсы Асад әскеріне көмектесіп жұрген Иран жасақтары еліне қайтуы керек дейді.

АҚШ мемлекеттік департаменті Тиллерсон 5 тамызда Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне бес күндік сапары аясында Филиппинге, одан ары Таиланд пен Малайзияға баратынын хабарлады. Тиллерсон Манилада Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ассоциациясының дипломаттарымен кездесіп, "Корей түбегін ядролық қарусыздандыру, теңіздегі қауіпсіздік және терроризммен күрес мәселелерін" талқыламақ.

XS
SM
MD
LG