Accessibility links

Түркияда төңкеріс жасау ісі бойынша 500-дей адам сотқа тартылды


Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасауға қатысы бар деп айыпталғандарды сотқа әкетіп барады. Анкара, 1 тамыз 2017 жыл.
Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасауға қатысы бар деп айыпталғандарды сотқа әкетіп барады. Анкара, 1 тамыз 2017 жыл.

Түркияда өткен жылы мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне қатысы бар деп айыпталған 500-ге тарта адам сотқа тартылды. 1 тамызда Анкара түбінде арнайы салынған ғимаратта басталған сот - президент Режеп Тайып Ердоғанға қарсы бүлік ісімен байланысты ең ірі сот процесі.

Сотталып жатқан 486 адамның көпшілігіне тағылған айыптар, оның ішінде Ердоғанға қастандық жасау айыбы бойынша өмір бойы бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр. Істе Анкарадан солтүстік-батысқа қарай орналасқан Акинчи әуе базасы да аталады. Түркия билігі бүлікшілер бұз базаны штаб-пәтер ретінже пайдаланған дейді. АҚШ-та тұратын дін қайраткері, Анкара бүлікті ұйымдастырды деп айыптайтын Фетхулла Гүлен бұл іс бойынша басты айыпталушы деп танылған. Оған қатысты сот сырттай өтеді. Гүленнің өзі тағылған айыптарды мойындамайды және мемлекеттік төңкеріс жасауға қатысы барын жоққа шығарады.

2016 жылы 16 шілдеде мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен 250-ге тарта адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG