Accessibility links

Пенс Черногорияның "Ресей қысымына төтеп бергенін" мақтады


АҚШ вице-президенті Майк Пенс (сол жақта) пен Черногория премьер-министрі Душко Маркович. Подгорица, 1 тамыз 2017 жыл.
АҚШ вице-президенті Майк Пенс (сол жақта) пен Черногория премьер-министрі Душко Маркович. Подгорица, 1 тамыз 2017 жыл.

АҚШ вице-президенті Майк Пенс Черногорияға сапарында осы ел басшыларының "Ресей қысымына төтеп берген" қажыр-қайратын мақтады. Пенс биыл жазда НАТО-ға ресми түрде қабылданған Черногорияға Шығыс Еуропаға жасаған сапарының соңында барып отыр. Ол сапарында АҚШ-тың аймақтағы одақтастарын қолдайтынын білдіріп, көңілдерін жайландырып қоюды мақсат еткен.

Пенс Черногорияға сапарына дейін Грузияға барып, Ресейдің 2008 жылы қысқа мерзімдік әскери жанжалда бұл елдің бір бөлігін оккупациялап алғанын сынаған.

Черногория президенті Филип Вуяновичпен және басқа да саясаткерлермен бірге кеші ас ішкен Пенс өзінің Балқан түбегіндегі 620 мың халқы бар бұл шағын елге сапары "АҚШ-та ұсақ одақтастар емес, күшті одақтастары барын дәлелдейтінін" айтты. "Сіздердің батылдықтарыңыз, әсіресе Ресей тарапынан төнген қауіп-қатер алдындағы қайсарлықтарыңыз әлемдік қауымдастыққа күш береді және мұны жоғары бағалаймын" деді АҚШ вице-президенті.

Черногория өткен жылы іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін Ресейден көріп, Мәскеу Черногорияның Батыс елдерімен жақындасуына кедергі келтірмек болды деп айыптаған. Мәскеу бұл айыптарды жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG