Accessibility links

Гүлнара Каримованың ұлы: Анама жала жауып отыр


Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримованың ұлы, кіші Ислам Каримов7

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримованың ұлы, кіші Ислам Каримов бас прокуратураны анасына қатысты қылмыстық істі қолдан жасап отыр деп айыптады. BBC-ге берген, 1 тамызда жарияланған сұхбатында кіші Ислам Каримов анасына жала жабылып отыр деді.

28 шілдеде Өзбекстан бас прокуратурасы Каримованың қамауда екенін хабарлаған. Прокуратураның ақпараты бойынша, 2015 жылы тамызда Ташкент облыстық қылмыстық істер соты Каримованың бас еркіндігін бес жылға шектеген. Оған қатысты қылмыстық кодекстің басқа бабы бойныша тергеу жалғасып жатыр.

Кіші Ислам Каримов өзінің анасына қарсы барлық мәлімдемелердің бәрі "бұрмаланған, қолдан жасалған".

Бұрынғы президент жиенінің сөзінше, Гүлнара Каримоваға телінген активтер (істе 2 миллиард доллар көлемінде қаржы жымқырғаны айтылады) шын мәнінде анасынікі емес. Ол Өзбекстанда әлі күнге дейін билікте отырған адамдардың көбінің байлығы бар дейді.

Каримованың ұлы BBC-ге 1 тамызда қолына тиген сот құжатының 3 шілдеде дайындалғанын, құжатта анасының түрмеге ауыстырылғаны хабарланғанын айтады. Бұл құжаттың растығын анықтау мүмкін болмай тұр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG