Accessibility links

Ұлыбритания патшайымының жұбайы ханзада Филипп зейнетке шықты


Ұлыбритания патшайымы Елизаветаның жұбайы, Эдинбург герцогы Филипп.
Ұлыбритания патшайымы Елизаветаның жұбайы, Эдинбург герцогы Филипп.

Ұлыбритания патшайымы екінші Елизаветанының жұбайы, Эдинбург герцогы Филипп зейнетке шықты. Филипп ханзада-консорт міндетін атқаруын доғарудың алдында өткізген соңғы ресми іс-шарасында корольдік теңіз жаяу әскерлерімен кездесті.

96 жастағы ханзада Филипп зейнетке кететінін мамыр айында жариялаған. Ол ондаған жылдар патшайыммен бірге ресми іс-шаралар мен салтанатты жиындарға қатысқан. BBC-дің хабарлауынша, ханзада Филипп ханзада-консорт міндетін атқаруға кіріскен 1952 жылдан бері 22 мыңнан астам іс-шараға қатысқан.

Ханзада-консорт теңіз жаяу әскерінің капитан-генералы ретінде Букингем сарайында корольдік теңіз жаяу әскерилерінің 1664 Global Challenge қайырымдылық іс-шарасын аяқтауы құрметіне орай ұйымдастырылған әскери парадқа қатысты. Қайырымдылық кампаниясында әскерилер 100 күнде 2678 километр жерді жүгіріп өткен.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Филипп ханзадаға "өмір бойы тамаша қызмет еткені үшін" алғыс білдірді. Премьер ханзада енді "әлдеқашан еңбегі сіңген демалысының рахатын көретініне" сенім білдірді.

Букингем сарайы ханзада Филипп зейнетке шыққанына қарамастан іс-шаралар кестесі өзгермеген екінші Елизавета патшайымның қасында бірге жүре алатынын хабарлады.

XS
SM
MD
LG