Accessibility links

ХҚКО-ларда ақылы қызмет көрсететін менеджерлер жұмыс істей бастады


Алматы қаласы Алатау ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығының алдында тұрған жұрт. 10 қаңтар 2017 жыл.

Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) азаматтарға ақылы түрде қызмет көрсететін жеке менеджерлер жұмыс істей бастады деп хабарлады "Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясы.

Корпорация баспасөз қызметінің хабарлауынша, сынақ жобасы аясында жұмыс істей бастаған дербес менеджерлер жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға ақылы түрде құжат, анықтама алу, дайындау, нотариалдық куәландырусыз жылжымайтын мүлікті тіркеу, кепілге қою, сатып алу - сату келісім-шарттарын дайындау, қажет болса банкке бару, ХҚКО-дан өзге инстанцияларда да құжат рәсімдеу қызметтерін көрсетпек. ХҚКО қызметкері азаматтар атынан құжаттарды нотариалды расталған сенімхат арқылы жинайды.

Жаңа қызмет түрі облыс орталықтары мен Алматы және Астана қалаларындағы 37 ХҚКО-да іске қосылған.

Ақылы қызмет бағасы құжат рәсімдеудің күрделілігі мен елді мекеннің орналасқан жеріне байланысты белгіленген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG