Accessibility links

Молдова Ресей вице-премьерін персона нон грата деп жариялады


Дмитрий Рогозин, Ресей премьер-министрінің орынбасары.

Молдова үкіметі Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Рогозинді "персона нон грата" деп жариялады. Үкімет 2 тамызда Молдова сыртқы істер министрі Андрей Гальбургтің Рогозиннің ел аумағына кіруіне тыйым салу туралы ұсынысын мақұлдады.

Молдова үкіметі тыйым Рогозин 28 шілдеде Румыния билігі ол мінген ұшақты елдің әуе кеңістігіне кіргізбей қойған соң Молдова туралы, молдовалықтар мен оның басшылығы жайлы көпшілік алдында бір-біріне қарама-қайшы мәлімдемелер жасағандықтан салынды дейді. Рогозин Молдованың ресейшіл президенті Игорь Додонмен кездесуге және 29 шілдеде Мәскеу Ресейдің Молдованың жікшіл Приднестровье аймағындағы "бітімгерлік операцияларына" 25 жыл толуына орай ұйымдастырған салтанатты шараға бара жатқан.

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин Рогозин мінген ұшақты ел аумағына кіргізбей қоюды "арандататын және негізсіз" әрекет деп атады. Ол сонымен қатар Молдова үкіметі "Ресеймен қарым-қатынасты бұзғысы келетінін" мәлімдеді.

Додон Рогозинмен 4 тамызда Тегеранда Иранның қайта сайланған президенті Хассан Роуханидің инаугурациясы кезінде кездесуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

AzattyqTV

Солтүстікте нан қымбаттады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:38 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG