Accessibility links

Минск экстремизм күдігімен іздеуде болған белсендіні Ресейге қайтарды


Беларусь полициясы (Көрнекі сурет).
Беларусь полициясы (Көрнекі сурет).

Ресейлік оппозиция белсендісі Владимир Егоров Беларусьтен Ресейге экстрадицияланды. Егоровтың адвокаты Светлана Сорокиннің хабарлауынша, белсенді қазір Тверь облысының Торопец қаласындағы тергеу изоляторында отыр.

2 тамызда беларусь құқық қорғаушысы Анастасия Лойко Азаттыққа Минскіде хостелде тұрған Егоровтың 29 шілдеден бері қайда екенін білмейтінін айтты.

Ресейдің оппозициялық "Яблоко" партиясының Торопец облысындағы бөлімінің жетекшісі болған Егоровқа 2016 жылы тамызда, белсенді интернетте Ресей президенті Владимир Путинді сынайтын материалдар жариялаған соң "экстремистік әрекет жасауға жария түрде үндеді" деген айып тағылған. Кейін Егоров Украинаға кетіп қалып, ол жақтан саяси баспана сұраған. Киев белсендіге саяси баспана беруден бас тартқан соң ол Беларусьтен пана табу үшін осы елге кеткен.

Маусым айында Беларусь билігі құқық қорғаушыларға азаптау туралы хабарлаған Шешенстан азаматы Мурад Амриевті ұстап, Ресейге табыстаған. Ол жалған құжат жасады деген күдікпен іздеуде болған.

XS
SM
MD
LG