Accessibility links

Абхазияда жарылыстан екі ресейлік қаза тапты


Абхазиядағы оқ-дәрілер қоймасында болған жарылыстан көкке көтерілген түтін.
Абхазиядағы оқ-дәрілер қоймасында болған жарылыстан көкке көтерілген түтін.

Абхазияда оқ-дәрілер қоймасында болған жарылыстан Ресейдің екі азаматы қаза тапты. "Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, құрбандардың денелері 3 тамыз күні таңертең табылған.

Абхазияның төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі Санкт-Петербургтен келген ресейлік екі әйел жарылыс болғанда қойма маңында атқа мініп кетіп бара жатқан. Олардың Подольскіден келген танысы жараланып, қолы сынған.

2 тамыз күні күндіз болған жарылыстан барлығы 60 адам зардап шекті. Олардың жартысынан астамы - ресейлік туристер. Жарылыстың неден шыққаны айтылмай отыр.

XS
SM
MD
LG