Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи Хассан Роуханидің Иран президенті болып сайланғанын ресми түрде мақұлдады. "Сайлау қорытындысын растаймын және сізді республика президенті етіп тағайындаймын" деді Хаменеи 3 тамызда Тегеранда өткен инаугурацияда. Президентті ұлықтауға ирандық шенеуніктер мен шетелдерден ресми өкілдер қатысты.
Өзін ұстамды саяси күш өкілі санайтын 68 жастағы Роухани мамырда өткен президент сайлауында жеңіп шыққан. Ол 5 тамызда парламентте қызметіне кірісуіне байланысты ант қабылдайды.