Accessibility links

АҚШ БҰҰ-ны Иранның зымыран ұшыруына жауап қатуға шақырды


Никки Хейли, АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі.
Никки Хейли, АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі.

АҚШ, Ұлыбритания, Германия мен Франция БҰҰ-ны Иранның таяуда зымыран тасығышын ұшыруына байланысты Тегеранға "айқын ескерту белгісін" беруге шақырды. Батыс елдері бұл ұшырылымды "аймақта тұрақсыздық орнатады" деп атады.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Никки Хейли 2 тамызда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жолдаған хатында зымыран ұшыруын "Иранның арандатуы және қауіп төндіреді" деп бағалаған. Төрт ел атынна жазылған хатта БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін Тегеранға "арандататын "әрекеті үшін" "тиісті жауап қайтаруға" шақырған. Хатта зымыран ұшыру БҰҰ-ның Тегеранның әлемдік алты державамен жасасқан ядролық және зымыран бағдарламасын дамытуды шектеу келісімін мақұлдайтын қарарға қайшы екені айтылады.

Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Василий Небензя журналистерге Ресей Иранның зымыран ұшыруын 2015 жылы жасалған ядролық бағдарлама бойынша келісімді бұзады деп есептемейтінін айтты.

XS
SM
MD
LG