Accessibility links

Киевте Януковичтің үстінен кезекті сот басталды


Виктор Янукович, Украинаның бұрынғы президенті.
Виктор Янукович, Украинаның бұрынғы президенті.

Киевтің Оболонск апудандық сотында Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің ісі бойынша кезекті сот басталды. Януковичке мемлекетке сатқындық жасады деген айып тағылған.

6 шілдеде Янукович өзінің адвокаттарын сот процесіне қатысудан қайтарып алған. Ол сотты "соттың қадірін кетіру" деп, ал нәтижесін "алдын ала анықталып қойған" деп атады. Бұдан со Украина билігі Януковичке мемлекеттік қорғаушы ұсынған.

Маусымның соңында сот Януковичке қарсы істі сырттай қарай бастаған. Янукович Киевтегі сотқа келмегендіктен және видеоконференция арқылы байланысқа шықпай қойған соң сот сырттай өткізіле бастаған.

Украинаның ресейшіл бұрынғы президенті Виктор Янукович 2014 жылы ақпанда жаппай халық толқуларының қысымынан соң Ресейге қашып кетіп, сонда тұрып жатыр. Украинаның қазіргі билігі 2014 жылы қыста арнайы жасаққа демонстранттарға оқ атуға Януковичтің өзі бұйрық берген деп біледі. 2013 жылдың қарашасында басталып, үш айға созылған толқулар кезінде Киевте 100-ден астам демонстрант құрбан болған.

Януковичке "мемлекетке сатқындық жасады", "Украинаның егемендігі мен территориялық тұтастығын бұзды" және "Ресей агрессиясына арандатты" деп айыпталып отыр. Киев Януковичті айыптауға оның "Ресей билігінен Украинадағы оқиғаға араласуын сұрап жазған хаты" дәлел болады дейді.

XS
SM
MD
LG