Accessibility links

Душанбе: ТИҚП пен "Группа 24" тобы мүшелерінің туыстары тергеледі


Тәжікстан бас прокуроры Юсуф Рахмон Душанбеде баспасөз конференциясын өткізіп отыр. 3 тамыз 2017 жыл.
Тәжікстан бас прокуроры Юсуф Рахмон Душанбеде баспасөз конференциясын өткізіп отыр. 3 тамыз 2017 жыл.

Тәжікстан бас прокуроры Юсуф Рахмон елде тыйым салынған "Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясы" (ТИҚП) мен "Группа 24" ұйымы мүшелерінің туыстары қуғын көріп жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Олардың белсенділеріне қарсы қозғалған қылмыстық іске байланысты туыстары мен туғандары тергеуге алынады. Бірақ оларға ешқандай қысым көрсетілмейді" - деп мәлімдеді Юсуф Рахмон бейсенбі күні Душанбеде өткізген баспасөз мәслихаты кезінде.

Өткен айда Тәжікстанда тыйым салынған ТИҚП белсенділері елдегі туыстарына қысым жасалып жатқанын мәлімдеген. Шетелде қашып жүрген партияның жетекшілері Германияның Дортмунд қаласында бас қосқан болатын.

Бұрын парламентте мүшелері болған Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясын тәжік билігі 2015 жылдың күзінде қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары, елде бүлік жасамақшы болды деген Абдухалим Назарзодаға көмектесті деп айыптайды. Ал "Группа 24" ұйымы Тәжікстанда террористік ұйымдардың тізіміне енгізілген.

XS
SM
MD
LG