Accessibility links

Дубайдағы биік ғимараттардың бірі өртенді


Дубайдағы биік ғимараттар (Көрнекі сурет).
Дубайдағы биік ғимараттар (Көрнекі сурет).

Дубайда 4 тамызға қараған түні әлемдегі ең биік ғимараттардың бірі Torch Tower-де өрт болды. Билік ғимараттан адамдардың эвакуацияланғанын хабарлады. Бірақ өрттен құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Дубай Марин ауданында орналасқан бұл ғимаратта 2015 жылдан бері осымен екінші рет өрт болып отыр.

Биліктің мәліметінше, 79 қабатты ғимараттың тоғызыншы қабатынан шыққан өртті сөндіруге Дубайдың азаматтық қорғаныс станциясының өрт сөндіретін бірнеше бригадасы жұмылдырылған. Қазір өрт аумағы оқшауланған.

Әлеуметтік желілерде жергілікті тұрғындар мен куәгерлер өртеніп жатқан ғимараттан көтерілген түтіннің суретін жариялап жатыр.

2015 жылы бұл ғимаратта болған ірі өрттен жүздеген адам эвакуацияланған. Дубай - Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жеті әмірліктің бірі.

XS
SM
MD
LG