Accessibility links

Сот Навальныйге 300 мың рубль айыппұл салды


Алексей Навальный, ресейлік оппозициялық саясаткер.
Алексей Навальный, ресейлік оппозициялық саясаткер.

Мәскеудің Симоновский аудандық соты оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйге митинг өткізу тәртібін қайталай бұзды деп айыптап, 300 мың рубль (4900 доллар шамасында) айыппұл салды.

Бұған дейін осындай айыппен Навальныйдың сайлауалды штабының басшысы Леонид Волковке 300 мың рубль, Николай Ляскинге 250 мың рубль (4000 доллардан астам) айыппұл салынған.

3 тамызда оппозиционерлер 8-9 шілдеде "Үгіт-насихат сенбілігі" деп аталатын акция өткізгені үшін әкімшілік хаттама толтыруға полицияға шақыртқан. Оларды YouTube-тің көмегімен "заңсыз көпшілік іс-шарасын ұйымдастырды" айыптаған.

8-9 шілдеде Ресейде Алексей Навальныйдың президент сайлауына қатысуын қолдап өткізілген "Үгіт-насихат сенбілігі" кезінде 200-ге тарта белсенді ұсталған. Олардың арасында үнпарақтар таратқандар мен қолына тек "Навальный-2018" деген жазуы бар шар ұстап жүргендер де болды.

Навальный, Волков пен Ляскин 26 наурызда және 12 шілдеде өткізген митингілері кезінде ереже бұзғаны үшін әкімшілік қамауда отырып шыққан.

XS
SM
MD
LG