Accessibility links

Ресей Пенстің Балқанға қатысты мәлімдемесін айыптады


АҚШ вице-президенті МАйк Пенс Черногориядағы саммитте. Подгорица, 2 тамыз 2017 жыл.
АҚШ вице-президенті МАйк Пенс Черногориядағы саммитте. Подгорица, 2 тамыз 2017 жыл.

Ресей АҚШ вице-президенті Майк Пенстің Балқан түбегінің батысындағы елдерге жасаған сапарында мәлімдемелерін "тұрақтылықты шайқалтады" деп айыптап, оның пікірлері Вашингтонның қырғи-қабақ соғысы кезіндегі "ойлау жүйесін" еске салады деді.

Пенс 2 тамызда Черногорияға барғанында "Ресей аймақтағы тұрақтылықты шайқалтқып, демократияны әлсіретіп, өздеріңіздің араларыңызды және Еуропаның басқа елдерінен бөліп тастағысы келген" деп мәлімдеген. Ол балқан түбегі елдерін "Ресей агрессиясына қарсы батыл және ымырасыз болуға" шақырған.

Ресей сыртқы істер министрлігі "қате және деструктивті таңдау" "сөзсіз шиеленістің күшеюіне әкеліп соқтыратынын" мәлімдеді. "АҚШ Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің НАТО-ға кіруден басқа жолы жоқ деген тезисті белсенді түрде насихаттап отыр. Вашингтонның қырғи-қабақ соғысы кезеңіндегі қарадүрсін, шынайы жағдайдан мүлдем жырақ идеологияға жүгіне бастағаны өкінішті екенін айтуға мәжбүрміз" делінген министрлік мәлімдемесінде.

Мәскеу өзінің сыртқы саясаты құрметке негізделгенін және халықаралық әріптестерімен бірлесе жұмыс істеугедайын екенін айтып, АҚШ-ты Ресейді қаралауды доғаруға шақырды.

XS
SM
MD
LG