Accessibility links

БҰҰ: ИМ езидтерге қарсы геноцидін тоқтатпай отыр


Ирактағы езид босқындар (Көрнекі сурет).
Ирактағы езид босқындар (Көрнекі сурет).

БҰҰ комиссиясы экстремистік "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы Ирак пен Сириядағы этникалық азшылықты құрайтын езидтерге қарсы геноцидін әлі жалғастырып жатыр және халықаралық қауымдастық бұған қарсы жеткілікті шара қабылдап жатқан жоқ деп мәлімдеді.

ИМ содырларынан Ракканы азат ету операциясы үдей бастаған тұста содырлар қаланы тастап қашпастан бұрын құлдыққа алған езид әйелдер мен қыздарды сатуға тырысып жатыр делінген БҰҰ-ның Сирия бойынша тергеу комиссиясының мәлімдемесінде.

"Мемлекеттердің қылмысты тоқтатып, оған кінәлшілерді жауапқа тартуға уәде бергеніне қарамастан геноцид әлі тоқтаған жоқ және көбіне назар аударылмай жатыр" дейді комиссия.

ИМ 1014 жылы тамызда Ирактың солтүстік-батысындағы Синджар қаласын басып алғанда мыңдаған езидті тұтқындаған, кейін олардың көпшілігі із-түзсіз жоғалып кеткен. Синджар қаласы ИМ-нен 2015 жылдың соңында азат етілген. Содан бері езидтер топтап көмілген ондаған орын табылған. ИМ "дінсіз" деп санайтын езидтердің қаншасы жақын аймақтағы Ракка қаласына әкетілгені белгісіз.

"Мыңдаған езид ерлері мен ұл балалары із-түзсіз жоғалған. Террорлық топ күн сайын үш мыңға тарта езид әйелдері мен қыздарына жан түршігерлік қорлық көрсетіп, зорлап, азаптап жатыр" дейді комиссия мәлімдесінде.

XS
SM
MD
LG