Accessibility links

Путин президент сайлауына түсуді ойластыратынын мәлімдеді


Владимир Путин, Ресей президенті.

Ресей президенті Владимир Путин төртінші мерзімге президент болу үшін 2018 жылы наурызда өтпекші президент сайлауына түсуді ойластырып жатқанын мәлімдеді. 4 тамызда Бурятиядағы Байкал көлінің жағасында өткен жиында сөйлеген Путин сайлауға түсу жайлы жергілікті тұрғынның бейне байланыс арқылы "Халық сіздің алдағы сайлауға түскеніңізді қалайды" деген сөзіне жауабында айтты. Бейне байланыспен хабарласқан адам өзін Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерімін деп таныстырды.

2000 жылдан бері президент, арасында бірер жыл премьер-министр ретінде билікте отырған Путинді көпшілік 2018 жылғы сайлауға кандидатурасын ұсынып, төртінші мерзімге сайланады деп санайды. Ресейде биліктің сайлауға қатысушыларды және сайлаушыларды бақылауы, орталық БАҚ-тар мен дауыстарды санау процедурасына ықпалы күшті болғандықтан сайлау нәтижелері көп жағдайда болжанғандай шығады.

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы бұған дейін негізгі оппозициялық саясаткер Алексей Навальный қаржы жымқырды деп айыпталғандықтан сайлауға үміткер болып тіркеле алмайтынын мәлімдеген.

AzattyqTV

AzatNews 19.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:10 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG