Accessibility links

"Астананың" Чемпиондар лигасындағы кезекті қарсыласы анықталды


"Легия"-"Астана" матчынан көрініс. Варшава. 2 тамыз 2017 жыл (Сурет "Астана" командасынының баспасөз қызметінен алынды).
"Легия"-"Астана" матчынан көрініс. Варшава. 2 тамыз 2017 жыл (Сурет "Астана" командасынының баспасөз қызметінен алынды).

Футболдан Қазақстан чемпионы "Астана" командасы Чемпиондар лигасы іріктеу жарысының плей-офф кезеңінде шотландиялық "Селтик" клубымен кездеседі. "Астананың" қарсыласы бүгін Ньонда (Швейцария) өткен жеребе тарту рәсімінде белгілі болды.

Алғашқы матч 15 не 16 тамызда Глазгода, қарымта ойын 22 не 23 тамызда Астанада өтеді. Жеңіске жеткен команда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде, жеңілген команда "Еуропа лигасының" топтық кезеңінде ойнайды.

"Астана" Чемпиондар лигасының екінші-үшінші кезеңінде латвиялық "Спартак" және польшалық "Легия" командаларын жеңген. "Астана" 2015 жылы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған.

XS
SM
MD
LG