Accessibility links

АҚШ-та WannaCry вирусының таралуын тоқтатқан адам ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Лос-Анжелесте британдық программист, WannaCry бопсалаушы вирусының таралуын тоқтатқан Маркус Хатчинсті тұтқындады. Reuters агенттініеің хабарлауынша, программит киберқауіпсіздік бойынша конференцияға қатысқан соң ұсталған.

Ұлыбританияның қылмыспен күрес ұлттық агенттігі Reuters-ке Хатчинстің ұсталғанын растаған. Ведомство мәліметінше, британдықты ұстау АҚШ-тың өз ісі саналады.

Мамыр айында әлемнің ондаған мемлекетінде компьютерлерді WannaCry бопсалаушы вирусы зақымдаған. Вирус 150 елде, оның ішінде АҚШ, Ресей мен Қытайда жүздеген мың компьютерде қолданушылардың өз мәліметтеріне кіруін тоқтатып тастаған. Сарапшылар хакерлер кибершабуылдан небәрі 50 мың доллар ғана пайда тапқан болуы мүмкін деп болжайды.

XS
SM
MD
LG